Родионов «Астананың» намысын қорғамақ

02.02.2015, 22:05
Родионов «Астананың» намысын қорғамақ
«Атырау» футбол мектебінен тәлім алған, «Оле Бразил» академиясының түлегі Алексей Родионов «Астанаға» ауысуға жақын. Ел чемпионы өз құрамына жас футболшыларды жинаудан тайынар емес. Бүгінде негізгі командамен бірге Тоқтар Жаңғылышбай, Ринат Хайруллин, Михаил Голубничий, Алексей Щеткин секілді ойыншылар жаттығу жасап жүр. Олардың қатарында енді Родионов та бар. Алексей өткен маусымды «Атыраудың» сапында өткізген, алайда жас футболшы бір мәрте де алаңға шыға алмапты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×