"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы Рой Кин "Ливерпульдің" Англия Премьер-лигасының 23-турында "Манчестер Ситиге" қарсы өткізген матчы туралы пікір білдірді.
"Мен үшін "Ливерпуль" нашар чемпион. Сіз мұны ерекше маусымға, коронавирусқа байланысты болды деп айта аласыз. Бірақ бұған назар аудармай-ақ қойыңыз. Бұл - "Ливерпуль". Осылай ойнай берсе, титулды тағы 30 жыл күтуіне тура келеді.
"Ливерпуль" ойыншылары соңғы екі жыл бойы айтылған барлық өсек-аянға сенген сияқты. Премьер-лигада жеңіске жету оларды көкке жеткізді. Чемпион атанғаннан кейін мен: "Олар мұны қайталай ала ма?" деп ойладым. "Ливерпуль" ойыншыларына келетін болсақ, мен олардың келесі қадам туралы ойлағанын бір сәтке де сезген емеспін. Мен олардың ешқайсысынан: "Біз тағы да чемпион болғымыз келеді" деген сөзді мүлдем естімедім. Барлық мәселе осыған байланысты. Енді олардың басты мақсаты алғашқы төрттікке кіру екені айтпаса да белгілі", - деп келтіреді Sky Sports Киннің сөздерін.
"Ливерпуль" дәл қазіргі сәтте Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 40 ұпаймен төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET