Роман Абрамович жасырын трансфер жасады деп айыпталуда

22.09.2020, 15:11
Абрамович қазіргі кезде Ұлыбританияға кіре алмайды.
Роман Абрамович жасырын трансфер жасады деп айыпталуда

«Челси» қожайыны Роман Абрамович Лондондық клубқа тиесілі емес ойыншылардың жасырын трансферіне қатысты айыпталып отыр, деп хабарлайды ВВС.

АҚШ-тың қаржы департаментіндегі қылмысқа қарсы күрес бөлімінің хабарлауынша, Абрамович Leiston Holdings компаниясымен тығыз байланысты болып, ойыншылар сатып алып отырған. Бір қызығы, бұл ойыншылар осы трансферден кейін жаңа клубында ойнамаған.

Сондай ойыншылардың бірі - 2014 жылы Чемпиондар лигасында «Челсиге» қарсы матчта ойнаған Лиссабонның «Спортинг» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андре Каррильо.

Мұндай тәжірибе жасауға Англия премьер-лигасында 2008 жылдан бастап, ал бүкіл әлемде 2015 жылдан бастап тыйым салынған.

2016 жылғы желтоқсанда Leiston Holdings компаниясының шоттарында күдікті әрекет байқалды. Қысқа уақыт ішінде компания құны 1 миллиард доллардан асатын қаржы операцияларын жасаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×