Ромелу Лукаку «Челсиде» қалуды жоспарлап отыр

10.05.2022, 18:04
Футболшы бас бапкердің жоспарын білгісі келеді.
Ромелу Лукаку «Челсиде» қалуды жоспарлап отыр

«Челсидің» шабуылшысы Ромелу Лукаку осы маусымның соңында команданың бас бапкері Томас Тухельмен сөйлеспекші, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Италиялық журналисттің мәліметінше, 28 жастағы бельгиялықтың трансфері бойынша әлі ешбір клуб келіссөз жүргізбеген. Оған қызығушылық танытқан клубтар «Челсидің» шабуылшыны қаншаға бағалайтынын білмей отыр.

Бұл ретте Лукаку «Челсиде» қалып, команданың негізгі ойыншысы болғысы келеді. Жазда бельгиялық шабуылшы болашағына қатысты шешім қабылдау үшін Тухельмен сөйлесуді жоспарлап отыр.

Лукаку осы маусымда «Челси» жейдесінде 41 ойынға қатысып, 14 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Шабуылшының лондондық клубпен келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×