Ромелу Лукаку «Интерге» оралғысы келеді

08.06.2022, 16:56
«Челси» былтыр бельгиялық шабуылшыны 113 миллион еуроға сатып алған еді.
Ромелу Лукаку «Интерге» оралғысы келеді

«Челсидің» бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукаку «Интерге» оралғысы келеді, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, алдағы күндері клубтар келіссөздер жүргізеді. Бірақ ортақ мәмілеге келу қиын болады. «Интер» кем дегенде ойыншыны жалға алуды жоспарлап отыр.

Лукаку қаңтар айынан бері италиялық клубтың бапкерлер штабымен және басшылығымен үнемі байланыста болған. Тіпті «Интерге» оралу үшін жалақысын қысқартуға дайын екенін хабарлаған.

Еске салайық, 2021 жылдың тамызында «Челси» Лукакуды «Интерден» 113 миллион еуроға сатып алды, ойыншының лондондық клубпен 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген келісім-шартқа қол қойды. Ромелу өткен маусымда «Челси» үшін 44 ойынға қатысып, 15 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×