Андреа Пирло түркиялық клубты тізгіндеді

08.06.2022, 14:44
Бұл команда өткен маусымды сегізінші орынмен аяқтады.
Андреа Пирло түркиялық клубты тізгіндеді

«Ювентустың» бұрынғы бас бапкері Андреа Пирло түркиялық «Фатих Карагюмрюкпен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлады италиялық журналист Николо Скира.

Дереккөздің айтуынша, келісім-шарт мерзімі 2024 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, Андреа Пирло 2020/2021 жылғы маусымда «Ювентусты» баптаған болатын. Оның жетекшілігімен туриндік клуб Италия кубогі мен суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар А сериясында төртінші орынға ие болды. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «қарт синьора» «Портудан» жеңіліп қалды.

Өткен маусымда «Фатих Карагюмрюк» 57 ұпаймен Түркия чемпионатын сегізінші орында аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×