Ромелу Лукаку «Интерге» қайта оралды

30.06.2022, 14:34
Миландық клуб бельгиялық шабуылшыны жалға алды.
Ромелу Лукаку «Интерге» қайта оралды

«Челсидің» шабуылшысы Ромелу Лукаку «Интерге» жалға берілді. Бұл туралы италиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптардың келісімі бойынша бельгиялық шабуылшы миландық клуб сапында 2023 жылдың жазына дейін ойнайды. Бірақ келісім-шартта ойыншыны сатып алуға құқығы қарастырылмаған.

«Бұл өте күшті сезім, осы командамен бір жыл бұрын болған сезімдер де есімде және бұл клуб, жанкүйерлер және өзім үшін тамаша сәт болды. Біз көп нәрсе туралы сөйлестік, мысалы, менің мұнда қайтып оралуым мүмкін емес сияқты көрінді, бірақ біз мұны жасадық, мен клуб президентіне табандылық танытып, маған сенгені үшін алғыс айтуым керек. Соңында біз мұны жасадық, мен өте қуаныштымын. Мен Англияға кеткенде Миландағы үйімді сатпаған едім, сондықтан бұл трансфер бекерден-бекер болмады. Енді мен жігіттермен бірге алаңға қайта шыққым келеді», - деді Лукаку.

Еске салайық, Лукаку 2021 жылдың жазында «Челсидің» ойыншысы атанған еді. Бельгиялық шабуылшы өткен маусымда «Челси» үшін 44 ойынға қатысып, 15 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Лукакудың лондондық клубпен қазіргі келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

«Челси» шабуылшының трансфері үшін 115 миллион еуро төледі. Ал миландық клуб Лукакуды бір жылға жалға алғаны үшін 8 миллион еуро төлемек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×