«Тоттенхэм» «Эвертон» шабуылшысын қатарға қоспақ

30.06.2022, 15:07
Лондондық клуб футболшымен жеке келісім-шарт талаптарын келісіп қойды.
«Тоттенхэм» «Эвертон» шабуылшысын қатарға қоспақ

«Эвертонның» шабуылшысы Ришарлисон жақын күндері «Тоттенхэмге» ауысады. Ол лондондық клубпен жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойды, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

«Эвертонның» дәл қазіргі сәтте қаржылық жағдайы мәз емес. Фрэнк Лэмпард жаттықтыратын клуб биыл әрең дегенде Премьер-лигада қалған болатын.

Ришарлисон өткен маусымда «Эвертон» үшін 33 ойында 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Бразилиялық шабуылшы «Эвертонға» 2018 жылдың шілдесінде «Уотфордтан» ауысып келген еді. Трансфер құны 39,2 миллион еуроны құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×