Роналдиньо коронавирус жұқтырды

26.10.2020, 07:06
Футболшы тамыз айының соңында үй қамақтан босатылған еді.
Роналдиньо коронавирус жұқтырды

"Милан" мен Бразилияның бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо коронавирус инфекциясын жұқтырды.

"Мен Бело-Оризонтиде сенбіден бастап Auto Truck компаниясының іс-шарасына қатысу үшін келдім. Ұйымдастырушылардың өтініші бойынша мен тест тапсырдым, сынақ коронавирус жұқтырғанымды көрсетті. Мен жақсымын, ауру симптомсыз, бірақ біз іс-шарадан кетуіміз керек", - деді Роналдиньо.

Еске салайық, Роналдиньо наурыз айында ағасымен бірге Парагвай шекарсындағы Асунсьон әуежайында жалған паспорт қолданғаны үшін қамауға алынған. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Морейраның Парагвай түрмесінен 1,6 миллион доллар көлемінде кепілдікпен босатылғаны белгілі болды. Олар Асунсьондағы ең жақсы "Палмарога" қонақ үйінде қамауға алынды. 25 тамызда Парагвай соты Роналдиньоны босату және оған тағылған барлық айыптарды алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×