Роналдо бразилиялық клубты сатып алды

15.04.2022, 18:29
Бұл Роналдоға тиесілі екінші клуб болып табылады.
Роналдо бразилиялық клубты сатып алды

Бұрынғы бразилиялық шабуылшы, екі дүркін әлем чемпионы Роналдо бразилиялық «Крузейроның» 90 пайыз акциясын сатып алып, команданың жаңа иесі атанды, деп хабарлайды клуб сайты.

Роналдо аталмыш клубты сатып алу үшін шамамен 70 миллион доллар төледі.

«Крузейро» - Роналдоға тиесілі екінші клуб болып. Ол испаниялық «Вальядолид» клубының да иесі болып табылады.

1993 жылы Роналдо футболдағы мансабын «Крузейро» клубында бастады. Бұл командада 1993 жылдың шілдесінен 1994 жылдың тамызына дейін өнер көрсетіп, 57 гол соқты. Осындай бастамадан кейін Роналдо голландиялық ПСВ-ға ауысып, Еуропадағы мансабын бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×