Роналду «Барселонамен» болатын матчқа қатысуы мүмкін

23.10.2020, 02:29
Шабуылшының бүгін тапсырған сынағы тағы да оң нәтиже берді.
Роналду «Барселонамен» болатын матчқа қатысуы мүмкін

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселонамен" болатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2-тур матчына қатысуы мүмкін.

AS басылымының хабарлауынша, португалиялық шабуылшының коронавирусқа байланымты тапсырған сынақ нәтижесі кездесуден бір күн бұрын теріс нәтиже көрсетсе, аталған ойынға қатыса алады. Бұған дейін форвардтың бүгінгі тапсырған сынағының қайтадан оң нәтиже бергені хабарланған болатын.

Еске салайық, 13 қазанда Роналдудың вирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Келесі күні 35 жастағы футболшы Туринге оралып, өз үйінде оқшауланды. Криштиану 14 күн емес, 10 күн оқшауланатын болды.

«Ювентус» - «Барселона» матчы 28 қазанда Туриндегі «Альянц» стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×