«Қайрат» «Каспийді» сенімді түрде жеңді

23.10.2020, 02:00
«Қайрат» турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды.
«Қайрат» «Каспийді» сенімді түрде жеңді

«Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші турында «Каспийден» басым түсті. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Ақтаулық команда 14-минутта матчтағы алғашқы голды соқты, Марат Шахметов бұл голды өз еншісіне жазды. Алайда, үзіліске дейін алматылықтар есепті теңестіріп қана қоймай, есепте алға шықты. Алдымен, 31-минутта Адеринсола Эсеола жауапты голды соқса, «Каспийдің» ресейлік қорғаушысы Лионель Адамс 40-минутта өз қақпасына гол соғып алды. 80-минутта Вагнер Лав матчтың нүктесін қойды.

Нәтижесінде «Қайрат» 35 ұпай жинап, турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды, ал жеті ұпаймен «Каспий» соңғы 11-ші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×