Цхададзе: «Бүгінгі ойында Жоао Паулоға көз тиді»

23.10.2020, 01:46
Паулода бүгінгі матчта гол соғатын керемет мүмкіндіктер болды.
Цхададзе: «Бүгінгі ойында Жоао Паулоға көз тиді»

«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Жетісумен» (3:1) болған матч туралы пікір білдірді.

- Өте маңызды ойын, турнир кестесіндегі шиеленісті ескеретін болсақ, барлық командалар бір жерге шоғырланып орналасқан. Қазір әр ойын финал сияқты. Жігіттердің жеңіске жетуге шындап кіріскені ойынның басынан-ақ байқалды. Матчқа келетін болсақ, бұл лайықты жеңіс деп ойлаймын.

Біз үш гол соқтық, көптеген мүмкіндіктер жасадық. Өкінішке орай, баспасөзде Жоао Пауло туралы көп жазылғандықтан, бүгінгі ойында оған көз тиді. Оның өте керемет мүмкіндіктері болды, бірақ сәттілік оның жағында болған жоқ, келесі ойындарда гол соғады деп үміттенемін.

Нәтижелі ойын үшін барлық жігіттерге үлкен рахмет, олар қорғаныста да, шабуылда да мұқият ойнады. Біз өзімізді өте жақсы қырымыздан көрсеттік деп ойлаймын. Алға жылжып, келесі ойынға дайындалатын боламыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×