
Португалия құрамасының шабуылшысы Диого Жота және оның інісі Андре Силва жақында жол апатынан қаза тапты. Оларды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне көптеген футбол жұлдыздары мен жақын туыстары қатысты. Алайда, құраманың капитаны Криштиану Роналду бұл шараға келмеді.
Кейбір басылымдар Роналду капитан болғандықтан міндетті түрде келіп, құрмет білдіруі тиіс еді деп жазды. Оның үстіне, сол уақытта Роналдудың Испанияның Майорка аралында сүйіктісі Жоржина Родригеспен бірге яхтада демалып жүрген суреттері әлеуметтік желіге тарады.
Португалиялық журналист Антониу Рибейру:
“Диого Жота ұлттық құраманың бір бөлігі еді. Роналду капитан. Сондықтан келмейді деп ойламадық. Нақты бір себебі бар шығар. Бірақ оны түсіндіру керек. Капитандық жауапкершілік деген болады ғой.”
Спорт комментаторы Педру Фатела:
“Бұл тақырып қазір үлкен дау тудырып отыр. Алдағы күндері түсініктеме беруі тиіс. Себебі ол капитан.”
Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік желіде таралған “Роналду қабір басында жылап отыр” деген суреттер жалған болып шықты, олар жай ғана монтаж екені белгілі болды.
Роналдудың әпкесі Катья Авейру бұл сынға жауап ретінде өзінің Instagram парақшасында мынаны жазды:
“Әкеміздің жерлеуінде бізді камералар мен журналистер қоршауға алды. Қайғыдан басқа да азапты жағдайлар болды. Адамдар құрметсіздік танытты. Сондықтан Роналду бұл жерлеуге қатыспағаны үшін кінәлі емес. Адамдар түсінбейді. Ол қайғысын іште кешіріп жатыр. Отбасы екі ұлын жоғалтқан кезде, баспасөз тек Роналду келмеді деп жазады. Бұл ақылға сыймайтын жағдай.”
Кейбір ақпарат құралдары Роналду Жотаның отбасына алдын ала көңіл айтып, жерлеуге қатыса алмайтынын ескерткенін айтады. Себебі, ол келсе, мыңдаған адам жиналып, шараны бұзып жіберуі мүмкін еді. Сол себепті ол алшақ болуды жөн санаған болуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET