
Семейде өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 15-турындағы тартысты кездесуде жергілікті «Елімай» өз алаңында қостанайлық «Тоболды» қабылдады.
Бірінші тайм толығымен қостанайлық команданың басымдығымен өтті. Алдымен 13-минутта Марко Вукчевич есеп ашса, үзіліске санаулы минуттар қалғанда Ахмед Эль-Мессауди есепті 0:2-ге жеткізді.
Екінші таймның басында «Елімай» пенальти орындау мүмкіндігін алғанымен, Серікжан Мужиковтың тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Әйтсе де, семейліктер намысқа тырысып, қысқа уақыт ішінде екі гол соқты. 59-минутта Роман Мұртазаев есепті қысқартса, 63-минутта Иван Свиридов таразы басын теңестірді.
Алайда қонақтар сапынан 70-минутта Ислам Чесноков жеңіс добын соғып, «Тоболға» маңызды үш ұпай сыйлады.
Бұл нәтижеден кейін «Тобол» 31 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілсе, «Елімай» 24 ұпаймен бесінші орында қалды.
Елімай — Тобол 2:3 (0:2)
Голдар: Вукчевич, 13 минут (0:1), Эль-Мессауди, 45 минут (0:2), Мұртазаев, 59 минут (1:2), Свиридов, 63 минут (2:2), Чесноков, 70 минут (2:3)
Біздің серіктес: FONBET