
“Атырау” командасы батыс дербиінде жеңіліс тапты 2:0. Мұнайшылар “Ақтөбеге” қарсы ойынға автобуспен келген.
“Атырау” ФК осыдан бір күн бұрын Ақтөбеге Qazaq Air әуе компаниясы арқылы ұшып кетуі тиіс болған. Алайда тасымалдауға жауапты рейсті кейінге қалдырып, ақыры соңында Жуковский командасын ұшақсыз қалдырған. Сөйтіп “Атырау” футболшылары қарсыласқа автобуспен жол тартқан.
Бүгінгі кездесуде “Атырау” чемпионаттағы 14 жеңілісіне ұшырады. Команда бұрынғы бапкерін қайтарып, құрамын тазартса да, жеңіс жолына түсер емес. Ұжымның жағдайы мүлде мүшкіл. 17 ойында тек 5 ұпай жинаған жасылдар турнир кестесінде соңғы орында келеді. Биылғы маусымда команда алдында үздік 10-дыққа емес, чемпионаттағы орынды сақтап қалу деген мақсат қойылған. Бірақ ойыны оңалмай тұрған ұжымға өз жанкүйелері де сенбеуде. Мәселен, бүгінгі кездесу қорытындысынан кейін фанаттар команда Ақтөбеге “Ұшақпен келгенде ұтар еді” деген мысқылды пікірлер айтып қалуда.
Әзіл әзілімен, бірақ басшылық жағдайды қолға алмаса, клубтың 2019 жылғы оқиғасы қайта тіркелуі ғажап емес. Сол жылдары “Атырау” бүгінгі қарсыласы “Ақтөбе” екеуі элитамен қош айтысуға мәжбүр болған еді.
Біздің серіктес: FONBET