
Петропавлдық “Қызылжар” командасы Премьер-лиганың 15-туры аясында шымкенттік “Ордабасымен” тең тарқасты (0:0).
Премьер лига мен Кубоктың осы маусымы аясында “Ордабасы” петропавлдық “Қызылжармен” үш рет кездесті. Бұл қос ұжым арасындағы алғашқы ойын ішкі чемпионаттың 3-турымен тұспа-тұс келді. Сол сәттегі алаң иелесі саналған “Ордабасы” 90 минут қорытындысы бойынша қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Шымкенттік команданың өзі чемпионатты өте сәтсіз бастады. Андрей Мартин шәкірттері басында “Ақтөбемен” 0:0 ойнаса, келесінде “Қайраттан” ойсырай ұтылды 4:0. Осы кездесулерден кейін жолы "Қызылжармен" түйіскен Орда 1 ұпайдың өзің қанағат етті. Бұл ойыннан кейін арада 2 ай өтті. Ендігі кезекте “Қызылжар” Қазақстан Кубогынде шымкенттіктерді қонақ қылды. Бұл жолыда екі клуб сылбыр өнер көрсетті. Соның нәтижесінде таблодағы есепке өзгеріс енбеді. Бұл дегеніміз “Қызылжар” мен “Ордабасы” тағы тең ойнады. Осыдан қарап-ақ, Петропавл ұжымының шымкенттіктер үшін ыңғайсыз қарсылас атанғанын көріп отырмыз. Сөзіме дәлел, бүгінде қос команда “Қарасайда” қарсылас атанды. Ойын қорытындысы қалай болды деп ойлайсыздар? Есеп: 0:0… Бұл жолы қайта алаң иелері көп шабуылдады. Тек тура соққылары аз болғаны болмаса, бүгін тәп-тәуір жеңіске жетер еді. Жалпы биылғы “Қызылжар” чемпионат үздіктерімен тең ойнай салуды әдетке айналдырған екен. “Ордабасыға” дейін Милич Чурчич шәкірттері “Астанамен” 3:3, “Ақтөбемен” 1:1, “Елімаймен” 1:1 болды. Осыдан кейін “Қызылжар” фавориттерге келгенде, екінші тынысы ашылатынын көріп отырмыз. Ал “Тұран” мен “Оқжетпес” ойындарында петропавлдықтар керісінше жеңіледі екен. Ендігі қызықтың көкесі “Ордабасы” мен “Қызылжардың” алдағы келе жатқан Қазақстан Кубогының қарымта ойынында болады. Бірақ ол кезде тең ойнай салу жоғынан. 90 минутта түк болмаса, ақырында пенальтилер сериясы барлығына нүкте қояды.
Біздің серіктес: FONBET