Роналду Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін “Әл-Хилалға” қысқамерзімді ауысуға қызығушылық танытты

22.04.2025, 18:30

Саудиялық журналист Халид әл-Нуфалдың мәліметінше, Криштиану Роналду Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін “Әл-Хилал” клубына қысқамерзімді уақытқа ауысуға қатты қызығушылық танытып отыр.

Роналду Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін “Әл-Хилалға” қысқамерзімді ауысуға қызығушылық танытты

Журналистің айтуынша, Роналду бұл турнирде ойнау үшін уақытша келісімшартпен “Әл-Хилалға” қосылуға дайын. Бұл келісім белгілі бір шарттармен жүзеге асуы мүмкін және Роналду бұл ауысымнан едәуір табыс табады.

Сондай-ақ, журналист Роналдудың “Әл-Хилалға” уақытша қосылуы клубтың халықаралық аренадағы беделін арттырып, тәжірибесі арқылы командаға пайдасын тигізетінін, билет сатылымы мен трансляция табысының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

40 жасар Роналду биылғы маусымда “Әл-Наср” сапында 36 матч өткізіп, 32 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Бұл әр ойында орта есеппен бір голға тікелей қатысып отыр деген сөз.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×