ФИФА президенті Джанни Инфантино осы жазда өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионатында Криштиану Роналдудың өнер көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Ол: “Роналду Клубтар арасындағы әлем чемпионатында бір команда атынан ойнауы да мүмкін. Кейбір клубтармен әлі талқылаулар жүріп жатыр. Егер қандай да бір клуб Роналдуды осы турнирге жалдауға қызықса… кім біледі, оны біз турнирде көріп қалармыз.” — деді Инфантино IShowSpeed стримінде.