Роналду «ПСЖ» клубына ауыспақшы болды

04.08.2020, 20:38
Криштиану «Ювентустың» Чемпиондар лигасының матчтарындағы көрсеткішіне ашуланған екен.
Роналду «ПСЖ» клубына ауыспақшы болды

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Францияның "Пари Сен-Жермен" клубына ауыспақшы болды.

France Football хабарлауынша, 22 қазанда өткен «Локомотивке» қарсы матчта (2:1) Роналду Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Ювентус» ойынының төмен деңгейіне қатты наразы болған.

Криштиану Андреа Аньелли, Павел Недвед, Джанлуиджи Буффон және Португалиялық агент Хорхе Мендес қатысқан кездесуден кейін болған жағдайға ашуланды. Біраз уақыт өткен соң, Роналду сол кездесуде "ПСЖ-ға" барғысы келетіні туралы айтқан екен.

Ол Неймар және Килиан Мбаппемен ойнауды қалайтынын айтты. Бразилиялық ойыншымен Роналду жақсы қарым-қатынаста, ал Мбаппе оны пір тұтады. Ол сонымен қатар 2016 жылы Еуропа чемпионы атанған Парижде тұрғысы келетінін айтқан көрінеді.

Алайда, коронавирустық пандемия Роналдуды "ПСЖ-ға" ауысу ниетінен бас тартуға мәжбүр етті. Сол кездері ойыншының жақындары Криштианудың «Ювентустан» кетуі ықтимал деп мәлімдеді.

Роналду осы маусымда «Ювентуспен» А сериясында 33 ойын өткізді, 31 гол соғып, 6 голдық пас берді. Ол 2018 жылы Италия клубына 112 миллион еуроға қосылған болатын.

Маусым соңында «Ювентус» қатарынан тоғызыншы рет Италия чемпионы атанды. 35 жастағы Роналду үшін бұл жүлде А сериясындағы екінші, ал "Ювентус" командасындағы үшінші олжасы болды (2018 жылы ол Италия Суперкубогын жеңіп алды).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×