Ұлан Қонысбаев «Мақтааралға» ауысу туралы ақпаратқа жауап берді

04.08.2020, 22:03
«Мақтаарал» клубы Қонысбаевпен ешқандай келіссөздер жүргізбепті.
Ұлан Қонысбаев «Мақтааралға» ауысу туралы ақпаратқа жауап берді

31 жастағы Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев "Мақтааралға" ауысу туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді.

«Кеше БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір мен өткен жылдың соңында алған жарақатымнан емделіп жатырмын. Және ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпын», - деді Қонысбаев.

Қонысбаевтың соңғы клубы Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы болған еді, бұл клуб үшін Ұлан 2019 жылы 3 матч өткізді. Ал, жалпы Қазақстан чемпионатында 210 матч өткізіп, 24 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×