Роналдуды Эмираттық жанкүйерлер де ашуландырды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.03.2024, 11:20

Кеше АФК Чемпиондар лигасының 1/4 финалдық кезеңіндегі «Әл-Айн» мен «Әл-Наср» арасындағы матчта Криштиану Роналдуға қатысты тағы бір жағымсыз оқиға болды. «Әл-Айн» жанкүйерлері Португалиялық футболшының тарабына Лионель Мессидің атын атап айқайлап, мазақтаған болатын.

Роналдуды Эмираттық жанкүйерлер де ашуландырды

Біріккен Араб Әмірлігінің командасының жанкүйерлері матч бойы жұлдызды футболшыны мазақтап, ашуландыруға тырысқан. Олар бұл әрекетін тіпті, Роналду алаңнан кетіп бара жатқанда да қойған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осындай жағдай Сауд Арабиясының чемпионатында да болған еді. Ол кезде Про-лигада ойнайтын «Әш-Шабаб» командасының фанаттары Криштиану Роналдудың ашу-ызасын келтірді.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×