Томас Тухель «Манчестер Юнайтедке» келеді ме?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.03.2024, 09:31

Журналист Бен Джейкобс «МЮ-дің» болашағы туралы ойын ортаға салды. Тілшінің айтуынша, Томас Тухельдің өзі де АПЛ-ге келуден кетары емес.

Томас Тухель «Манчестер Юнайтедке» келеді ме?

«Манчестер Юнайтед» болашақты бетке алған және ұзақ мерзімді футбол құрылымын жасауға тырысуда. Өзіңіздің менджеріңізге көңіліңіз толатын болса да, оның орнын басатын адамға байланысты жоспарыңыз болуы тиіс. Міне, сондықтан да біз «Манчестер Юнайтедке» келуі мүмкін бапкерлер тізімінен Тухельден бастап, Нагельсман және Зидан секілді жаттықтырушылардың есімін көріп жүрміз», - деген еді Бен Джейкобс.

Ағылшындық журналист сондай-ақ, Томас Тухельдің «Челсиден» кетуіне байланысты біраз өкпе-реніші барын да қосып өтті. Естеріңізге сала кетсек, Томас Тухельдің соңғы жұмыс орны «Бавария» болды. Мюнхендік клуб басшылығы команданың нәтижелеріне көңілдері толмаған соң, неміс жаттықтырушысын орнынан босатқан.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×