"Ростов" сенімді ақтады

10.03.2017, 07:42
"Ростов" сенімді ақтады
Европа лигасының 1/8 ойынында "Ростов" өз алаңында "Манчестер Юнайтед" ті қабылдап 1:1 есебі мен қос команда тең тарқасты. Тартысты өткен ойынның 35-минутында қонақтар сапында Мхитарян дәл соққысымен көзге түссе, 53-минутта Бухаров есепті теңестіре білді, осылайша қос команда тағдыры қарымта ойында шешілмек. Айта кетейік "Ростов" клубы европа кубогі жолындағы не бары 16-кездесуін өткізді, өз кезегінде "Манчестер Юнайтед"клубы кезекті мәрте сәтсіз ойын көрсетті, десекте бұл сәтсіздікке бірден бір себеп "Олимп-2" стадионындағы көгалды айтуға болады. Бұл ойын футболда қаражаттың маңызы аса зор емес екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Естеріңізге сала кетсек қарымта ойын 16-наурыз күні "Олд Траффорд" та өткізіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Аладоп". 1-шығарылым
Келесі жаңалық
"Аладоп". 2-шығарылым
Серіктес жаңалықтары
×