Руни "Арсеналға" ауыспақ

23.07.2013, 22:20
Руни "Арсеналға" ауыспақ
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" футбол клубы Уэйн Руниді "Арсеналға" немесе "Челсиге" сатпақшы. Осыдан түскен қаражатқа "Манкуниандар" Уэльстік Гарет Бейл мен Испандық Сеск Фабрегасты сатып алмақшы. Айта кетейік, бұл екі ойыншы үшін "қызыл сойқандар" 100 млн фунт әзірлеп отыр. Италиялық "Ювентус" футбол клубы Бразилиялық жартылай-қорғаушы Фелипе Мелоны Түріктің "Галатацарайына" 3,75 млн еуроға сатты. Мело Стамбулдық клубта 3 жыл өнер көрсететін болады. Тұманды Альбиондық "Ливерпуль" мен Испания құрамасының қақпашысы Хосе Рейна Италиялық "Наполи" клубына жалға берілді. Енді Рейна Италияның А сериясында өнер көрсететін болады. Дайындаған: Жұмағазиев Құрмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×