Хард төсенішінде өтетін WTA 1000 турнирінде қос бірдей қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Толық ақпарат - Olimpbet сараптамасында.
24 жастағы Елена Рыбакина америкалық турнирдің басты фавориті және рейтингі жоғары ойыншысы атанды. Өйткені, планетаның ең мықты теннисшісі Ига Свиатек күтпеген жерден әлемнің 16-шы ракеткасы ресейлік Екатерина Александровадан (4:6, 2:6) жеңіліп, ширек финалға шыға алмай қалды.
Жартылай финалға шығу үшін Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы өзі бес саусағындай білетін қарсыласпен бәсекеге түседі. Ол соңғы үш жылда 28 жастағы грек Мария Саккаримен (WTA 9) үш рет кездескен. Соңғы ойын өткен жылдың қараша айында Канкунда өткен WTA финалдық турнирінде болған. Сол кезде Елена қарсыласын үш сетте де қапы қалдырған болатын (6:0; 6:7 (4:7); 7:6 (7:2).
Майамидегі турнир алдында Рыбакина Дубайдағы ширек финалдан шығып, бір ай бойы демалды. Ол Индиан-Уэллстегі "мыңдық" жарысты өткізіп алды, онда ол чемпиондық атағын қорғауы керек еді. Енді сол сәтсіздіктерден кейін өзін қалпына келтіруі керек.
Майамиде Елена екінші айналымнан бастап, 1/4 кезеңге дейінгі жолда үш жеңіске жетті. Алайда, соңғысы ғана сенімді әрі салыстырмалы түрде жеңіл өтті. Дегенмен, алғашқы екі қарсыласы да ТОП 50-ге кірмеген.
Әуелі қазақстандық ойыншы біршама қиындықпен дат Клара Тоусонды (3:6, 7:5, 6:4), одан кейін америкалық Тейлор Таунсендті (6:3, 6:7 (3:7), 6:4) тізе бүктірді. Десе де, мұндағы нәтижелер Рыбакинаның әзірлігіне қатысты сұрақтар туғызғанын жасыра алмаймыз.
Ол қарсыластарына бірнеше рет мүмкіндік беріп қойып, мүлт кетіп жатты. Алайда, 1/8-де 6:3, 7:5 есебімен АҚШ-тың 17-ші ракеткасы Мэдисон Кисті қиналмай жеңді. Сірә, қазақ спортшысы әлі де болса толық бабына келе алмай жатыр, ұзақ үзілістен кейін енді ғана қарқын ала бастауы мүмкін.
Саккари Miami Open турнирінде бір ойын кем өткізді. Ол алдымен қытайлық Юэ Юанды ұтты (6:2, 6:2), одан кейін украиналық Даяна Ястремсканы (7:5, 6:4) шеттетті. Содан кейін бір күн демалып, автоматты түрде ширек финалға топ ете қалды, сондықтан ресейлік Анна Калинская турнирден бас тартты. Грек өкілінің бабы жарап тұр, егер қазақстандық кортта агрессия танытқанда, оны жекпе-жекке жер қылуы әбден мүмкін еді.
Olimpbet сарапшыларының пайымынша, Елена Рыбакина жартылай финалға шығады – Ж1 – 3.21, Ж2 – 1.35. Қазақстандық ойыншының қарсыласына кезекті сетте жеңілуіне ұсынылған коэффициент - 3,85.
Ал сіз қосымшада немесе Olimpbet.kz сайтында үздік спорттық іс-шаралардың трансляцияларын тамашалай аласыз. Тіркеліңіз, «Тікелей хабарлар» бөлімін ашыңыз, содан соң аз-маз теңгеріммен ең қызықты тікелей матчтарды көріңіз.
Елена Рыбакинадан айырмашылығы сол, Юлия Путинцеваның «мыңдықтың» ширек финалына шығуы қалыпты жағдай емес, тосын сый болды. WTA рейтингінде 68-орынға жайғасқан қазақстандық жыл басынан бері барлық квалификациядан өтіп те үлгермеген, ірі турнирлерде екінші айналымннан көрінуі де сирек-тін. Десе де, беделі зор американдық «Мастерлер» сериясына келген ол айрықша ептілік танытты.
Алдымен Индиан-Уэллсте ол 1/8-ге дейін жеткен оны Ига Свиатек ойыннан шығарып жіберді (1:6, 2:6), енді Майамиде жартылай финалға шығу үшін барын салмақ. Бұл жарыста ол бірінші айналымнан бастап төрт рет жеңіске жетті, соңғы кездесуде рейтингі жоғары украиналық Ангелина Калининаны (6:4, 7:6 (7:5)) қапы қалдырды. Турнир басталғалы бері алғаш рет екі сетте де басым түсіп, бабында екенін дәлелдеді.
Әлемнің 32-ші ракеткасы Азаренка Майамидегі соңғы екі кездесуінің екі партиясында жеңіске жетті. 1/8-де ол британдық Кэти Боултерді (7:5, 6:1) тізе бүктірді. Беларусь ойыншысы айтарлықтай өнер көрсетіп, маңызды үзілістер жасады. Ол Путинцевамен мансабында екі рет кездесіп, екеуінде де ұтып кеткен. Бұл кездесуде тартысты жекпе-жек күтуге болады, өйткені екі теннисші де болжамға келмейтіндігімен және белсенді ойын стилімен ерекшеленеді.
Olimpbet сарапшылары бұл ширек финалда Азаренкоға басымдық беріп отыр – Ж1 – 1.36, Ж2 – 3.19. Сірә, кездесу ұзаққа созылады – Тот (21,5) В – 1,99.
Жеңіліссіз бәс! Olimpbet жаңа клиенттеріне арналған акциясын ұсынады: егер сіздің бірінші болжамыңыз орындалмаса, Қазақстандағы №1 букмекерлік кеңсе оның құнын толықтай өтейді (100 мың теңгеге дейін). Қатысу ережелері «100% CASHBACK» бетінде.
Біздің серіктес: FONBET