Рыжиков Ұлттық құрамаға келуі ықтимал

03.01.2011, 23:59
Рыжиков Ұлттық құрамаға келуі ықтимал

Татарстанның "Рубин" командасының қақпашысы Сергей Рыжиков Қазақстан ұлттық құрамасына келуі ықтимал ол туралы "Газета.Ru" хабарлады.

Қазақстан футбол федерациясы бұл қақпашыны өткен жылдың күзінде шақырғысы келген еді. Бірақ ол кезде қақпашы Ресей құрамасына шақырту алған болатын. Дегенмен, Рыжиков жарақатына байланысты ол ойынға қатыса алмаған.

Енді біздің елдің намысын қорғау мәселесін алдағы уақытта шешетін Сергей ой үстінде. Егер ол Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасын қорғауға келіссе онда, Түркия жерінде 9 ақпан күні өтетін Белоруссияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығуы әбден мүмкін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×