“Қайрат” командасының “Ақжайыққа” қарсы Лига Кубогы кездесуінің 2 таймында алаңға шыққан 15 жастағы Дастан Сәтпаев алматылық клубтың ең жас дебютанты болып тіркелді.
Дастан Абзал Бейсебековтың рекордын қайталады. Ол “Қайраттың” ресми кездесуінде 15 жас, 9 ай, 14 күнде алаңға шықты.
Сатпаев “Қайраттың” U-18 командасымен бірге QJ League турнирі аясында 5 ойын өткізіп, 9 гол мен 1 голдық пас берді.
Айта кетейік, Дастан “Қайрат-Жастар” сапындағы дебюттық кездесуін өткізіп үлгерген болатын.
Біздің серіктес: FONBET