Сайлау додасы жасыл алаңда жалғасуда

11.01.2012, 19:37
Сайлау додасы жасыл алаңда жалғасуда
«Ақ жол» демократиялық партиясының ұйытқы болуымен Алматыда волейболдан және шағын-футболдан турнир өтті. 
Партия белсенділерінен бөлек, эстрада әншілері мен баспасөз ӡкілдері де команда қосып, өзара кім мықтыны анықтады. Салауатты өмір салтын насихаттауда Хабар арнасы да қалыс қалмай, жеке команда ретінде аладоп бәсекесіне араласты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тартысты ойын көрсеткен ұжымдар арасында Хабар арнасының командасы топ жарды. Талғат ӘБДІЖАПАРОВ, «АҚЖОЛ» ДП АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: - Бұл ұйымдастырылып жатқан шараның барлығы жастарға үлгі болып оларды спортқа тарту болып табылады. Елбасының халыққа бұқаралық спортты насихаттау қажет екендігін айтқандығы барлығына белгілі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×