47 жастағы Қазақстандық маман Самат Смақов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
KazFootball.kz сайтының ақпараты бойынша, оның кандидатурасы қазіргі уақытта талқыланып жатыр, бірақ бұл мәселе бойынша әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Смақовтың жаттықтырушылық және спорттық басқару саласындағы тәжірибесі өте ауқымды. Ол жақында ғана "Тұран" клубының бапкерлер штабындағы бас бапкердің көмекшісі қызметінен кетті. Ол бұған дейін "Жетісу” және "Елімай” клубтарында бас бапкер болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ол "Астана” клубында техникалық директор, "Ақтөбеде” спорттық директор қызметтерін атқарып, "Жеңіс" пен "Ордабасы” командаларының бапкерлер штабында жұмыс істеген тәжірибесі бар.