Самат Смақов: «2008-ші жылдағы ойынды еске алғым келмейді»
31.03.2015, 04:17
Футболдан Ресей мен Қазақстан арасындағы жодастық кездесу алдында Юрий Красножан мен құрама капитаны Самат Смақов баспасөз маслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі.- Юрий Анатолиевич, ертеңгі ойынға дайындық қалай?
- Дайындық орташа. Себебі өткен кездесуде жарақат алып қалған ойыншылар бар. Есесіне олардың орнына жас футболшылар шығады.
- Ертеңгі кездесуде ойыншылардың орналасуын өзгертесіз бе?
- Меніңше, ондай қажеттілік жоқ. Қалай ойнап келдік, төрт қорғаушымен, солай қалдырам.
- Самат, сізге сұрақ. Ресейге қарсы өткен ойын есіңізде ме?
- Иә, өзара жалғыз кездесуді 2008-де өткіздік. Бірақ ол ойынды, шыны керек, еске алғым келмейді. Ресей сапында адуынды жігіттер бар-тұған. Еурода атой салған футболшылар сиреп, қазір тек Березуцкий ғана қалды. Сол ойында жеңілгенімізге қармастан, көп тәжірибе алғанымыз да рас. Ал ертеңгі матч қызыққа толы болады деп ойлаймын.
Prosporkz.kz сайтынан