Василий Березуцкий: «Қазақстан құрамасы ашық футбол көрсетуге тырысады»

31.03.2015, 04:18
Василий Березуцкий: «Қазақстан құрамасы ашық футбол көрсетуге тырысады»
Ресей құрамасы жолдастық кездесу алдында ашық жаттығу өткізген соң бас бапкер Фабио Капелло мен команда капитаны Василий Березуцкий журанилстерге сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі. - Василий, ертеңгі ойыннан не күтесіз? - Қазақстан құрамасы жылдам ойнайды. Ұзын пастар беріп ашық футбол көрсетуге тырысады. Кеше Ирландияға қарсы матчты видеодан көріп талдау жасадық. Әрине, алаңға жеңу үшін шығамыз. Тартынбаймыз. - Фабио мырза, жолдастық кездесуге негізгі құрамның көптеген ойыншылары қатыса алмайды. Кімдерді шығарасыз алаңға? - Черногорияға қарсы кездесуден кейін енді ес жиып жатырмыз. Жарақат алған ойыншылар көп. Бірақ, қосалқы құрамда футболшылар жетерлік, кеңейтілген құрамды көрсеңіз болады. Ертеңгі ойында тіпті ұлттық құраманың жейдесін киіп көрмген жастарға да мүмкіндік беріледі.   Prosporkz.kz сайтынан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×