Самат Смақов: «Жастарға көбірек сенім артып, жергілікті бапкерлерді көбейту қажет»

23.03.2021, 02:44
Смақов қазір «Ордабасы» клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеп жүр.
Самат Смақов: «Жастарға көбірек сенім артып, жергілікті бапкерлерді көбейту қажет»

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, қазір «Ордабасы» клубының бас бапкерінің көмекшісі Самат Смақов «Жетісуда» неге директор болып жұмыс істемегенін айтты. Ол Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Франция мен Украинаға қарсы өтетін ойындар туралы және өзінің жаттықтырушылық мансабы жайлы ойымен бөлісті.

- Маусымдағы алғашқы ойында сенімді түрде жеңіске жеттіңіздер. Алған әсеріңіз қандай?

- Қиындық сол, бас бапкер атап өткендей, жігіттер ұзақ уақыт бойы ойнамады. Бұл «Шахтер» үшін Суперкубок ойындарын есептегенде төртінші матч болды, олар жақсы күйде болды. Біздің жігіттердің аздап алаңдағаны, қателік жасаудан қорқатыны анық байқалды - недегенмен бұл бірінші ойын емес пе?! Алайда көп ұзамай сенімділік пайда болды, олар жақсы ойнай бастады.

- Сіздің бапкерлік мансабыңыздың бұлай басталуын ешкім күтпеді. Бұл ой қалай пайда болды?

- "Ақтөбеден" кеткеннен кейін мен жұмыс іздедім. Содан кейін клуб президенті Бақтияр Даниярұлы мен бас бапкерден ұсыныс түсті. Оның үстіне менің лицензиям бар, мен бұл сала бойынша білім жинақтадым. Сондықтан мен еш ойланбастан бірден келістім. Біріншіден, мен үшін бұл тәжірибе, өйткені менде жаттықтырушылық тәжірибе жоқ. Мұндай топта жұмыс істеу тек пайда әкеледі.

- Сізге менеджмент саласы мен жаттықтырушылық қызметтің қайсысы көбірек ұнайды?

- Қазір мен жаттықтырушы болғанды ​​ұнатамын. Бапкерлік жұмыс мен үшін басқарушылық жұмыстан гөрі оңайырақ деп айтуға болады. Әрі қарай не болатынын көре жатармыз.

- Қаңтарда сіз "Жетісудың" директоры болуыңыз мүмкін еді, бірақ келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

- Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлымен кездесу болды, онда мен өзімнің көзқарасым туралы және клубтың дамуын қалай көретінім туралы айттым. Оларға айтқандарым ұнады ма, жоқ па білмеймін. Олар қоңырау шаламыз деді, бірақ мүлдем байланысқа шықпады. Бірақ осылай болғаны да жақсы болды. Қазір «Жетісуда» жағдайдың қандай екенін көріп отырсыз - бюджет айтарлықтай қысқарды.

- Биыл чемпионатта қазақстандық жаттықтырушылар көбейді. Мүмкін сізді осы фактор жаттықтырушы болуға итермелеген шығар?

- Бұл дұрыс. Біз жастарға жол беруіміз керек. Олар бізден үйренбегенде кімнен үйренеді? Барлығы біздің жеке жаттықтырушыларымыз жоқ дейді. Оларға жай ғана сенім артпайды. Неғұрлым көп сенім артылса, соғұрлым жақсы болады. РПЛ-ге қараңыз - барлық командаларда жергілікті бапкерлер жұмыс істейді. Біз де осы жүйеге көшуіміз керек. Әрине, бастапқы екі-үш жыл ішінде ешқандай нәтиже болмайды, бірақ олар тәжірибе жинақтайды. Жай ғана уақыт беру қажет.

- 28 наурызда біз әлем чемпионына қарсы ойнаймыз. Бұл матч туралы не айта аласыз? Бұл ойында қандай факторға сенім артуға болады?

- Менің ойымша, Франция бұл ойынның жасанды алаңда өтетінін ескере отырып, өзінің жұлдызды ойыншыларын әкелмейді. Сірә, Мбаппе, Гризманн келмейтін шығар. Ойынға келетін болсақ, оның жанкүйерлерсіз өтетіні өкінішті. Бұл матчта стадион жанкүйерлерлерге толы болатын еді. Дегенмен, біз Франциямен бірінші рет ойнап жатырмыз, бұл қызықты ойын болады. Әрине, мен ұлттық құраманың оң нәтижеге қол жеткізгенін қалаймын, бірақ бұл өте қиын болады.

- Франция қақпасына гол соғу біз үшін оң нәтиже бола ма?

- Неге жай ғана гол соғу керек? Біз бұдан да көп жетістікке жетуге тырысуымыз керек, себебі Франциямен күнде ойнап жатқан жоқпыз. Мүмкін бұдан кейін де олармен мүлдем ойнамайтын шығармыз. Біз тырысуымыз керек, әсіресе үйдегі алғашқы ойында. Мүмкін бұл жерде жасанды алаңның пайдасы тиетін шығар.

- Сіз ұлттық құрамада Талғат Байсуфиновтің басшылығымен өнер көрсеттіңіз. Сіздің ойыңызша, біздің команда француздарға қарсы кездесуде қалай ойнайды?

- Әрине, Талғат Маруаұлы ашық футбол ойнамайды. Айтуға қиын, өйткені мен қазір ұлттық құрамада емеспін. Маруаұлының қол астында ойнаған кезде ол жабық футбол ойнамауға тырысты. Қазір ойыншылардың таңдауы мүлдем басқаша. Бапкер қандай тактиканы қолданады - мұны тек ойында көреміз.

- Одан кейін ұлттық құрама сізге жақсы таныс Украина құрамасымен сырт алаңда ойнайды.

- Ол кездегі командадан қазір Шевченкодан басқа ешкім қалмады. Украина құрамасындағы қанша футболшының шетелде ойнайтынын жақсы білесіздер. Жеке алғанда, олар әлдеқайда мықты футболшылар. Бірақ жақсы нәтижеге жету керек, әйтпесе үнемі жеңіліс туралы ойласаңыз, футбол ойнаудың мәні бар ма? Әрдайым психологияға ерекше мән беру қажет. Біздің уақытта Юрий Красножан осылай жасады, сондықтан біз барлық командалармен тең дәрежеде ойнадық. Ойын кезінде қарсыластардың есіміне қараудың қажеті жоқ. Алаңда екі командада да мүмкіндік бар.

- Қазіргі іріктеу кезеңінде қандай жағдайға сенім артуға болады?

- Тағы да қайталаймын, сіз әр ойынға ерекше көзқараспен баруыңыз керек, сіздің басыңызда әрқашан жеңіске жету керек деген ой болуы керек. Ұлттық құрамада немқұрайлылық болмауы керек. Ойнағысы келмейтіндерді шақырмау керек.

- Біздің команданың алдағы матчтарға арналған құрамы туралы не айта аласыз?

- Талғат Маруаұлы бұл жиынға көптеген футболшыларды шақырды. Қазіргі уақытта бұл ең жақсы құрам. Ия, олардың кейбірінде ойын практикасы жоқ. Бұл жиын екі ойыннан тұрады. Сондықтан бас бапкер ойыншылардың жағдайын бақылап үлгереді және менің ойымша, ол осы матчтарға оңтайлы құрамды таба алады.

- «Ордабасыдан» Эльхан Астанов командаға алғаш рет шақырту алды.

- Менің ойымша, ол жастар құрамасы үшін пайдалы болар еді. Самородов сияқты. Бұл ойындарда екеуінің де ойнамайтыны анық, олар ойынға арналған тізімде де болмауы мүмкін. Талғат Маруаұлы олардың ұлттық құрамаға енгенін, осы атмосфераны көргенін қалайтын сияқты. Бірақ, олар жастар құрамасына пайдалы болар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×