«РБ Лейпциг» Упамеканоның орнын басатын қорғаушы сатып алды

23.03.2021, 02:19
Трансфер құны 17 миллион еуроны құрады.
«РБ Лейпциг» Упамеканоның орнын басатын қорғаушы сатып алды

"РБ Лейпциг" "Страсбург" клубының орталық қорғаушысы Мохамед Симаканмен келісім-шартқа отырды.

Неміс клубы 20 жастағы француз футболшысы үшін 17 миллион еуро төледі және 5 жылдық келісім-шарт жасасты. Қорғаушы жаңа командасында екінші нөмірмен өнер көрсетеді.

Мохамед осы жазда "Баварияға" ауысатын Дайо Упамеканоның орнына келді. Айта кетейік, екі қорғаушы да жаңа командасына осы маусымның соңында қосылады.

Симакан - "Страсбург" клубының түлегі. Қорғаушы осы маусымда 19 ойынға қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×