Левандовски ерекше марапатқа ие болды

23.03.2021, 02:01
Левандовский жыл өткен сайын үздік ойын көрсетуін жалғастыруда.
Левандовски ерекше марапатқа ие болды

Польша президенті Анджей Дуда "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовскиді 3-ші дәрежелі Польшаны қайта жандандыру деп аталатын орденмен марапаттады.

"Сіз Польшаны бүкіл әлемге танытып жүрсіз, әрқашан шыққан тегіңізді айтып жүресіз, сол үшін Польша Республикасының Президенті ретінде алғыс айтамыз. Сіз Польшаның даңқын асқақтатып жатырсыз. Сіз ұлттық құраманың капитанысыз, өзіңіз көрсетіп жүргендей патриоттық көзқарастарыңыз бар. Бұл үшін көп рахмет.

Левандовски - жүйелі жұмыс жасайтын адам, талантын айта кетпеске тағы болмас. Әлемде талантты адамдар көп, бірақ Роберт Левандовски сияқты ойнайтындар аз", - деді Польша президенті.

Польшаны жандандыру ордені әскери және азаматтық салалардағы поляк азаматтары мен шетел азаматтарының ерекше қызметтері үшін беріледі. Аталған орден бес дәрежеден тұрады, оның үшіншісі - командорлық крест.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×