Зайнутдиновтің командасында бас бапкер ауыспақ

22.03.2021, 22:31
Спорт-Экспресс басылымы Гончаренконың командамен қош айтысқанын хабарлады.
Зайнутдиновтің командасында бас бапкер ауыспақ

Ивица Олич ЦСКА клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Championat.com сайты. Ертең, 23 наурызда ол команданың жаңа бас бапкері ретінде таныстырылады.

Осы уақытқа дейін Олич Хорватия құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істеген. Ол ЦСКА-ның қазіргі бапкері Виктор Гончаренконың орнын басады.

23 турда 40 ұпай жинаған ЦСКА Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қосымша көрсеткіштер бойынша "Сочи" мен "Локомотивтен" кейінгі бесінші орында тұр. "Зенит" чемпионатта көш бастап тұр (48 ұпай). Соңғы матчта ЦСКА өз алаңында "Зениттен" 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×