Бүгін РПЛ-дің 14-туры аясында «Ахмат» өз алаңында «Пари НН» клубын қабылдайды.
Аталған кездесуде алаң иелерінің сапында Максим Самородов өнер көрсетуі мүмкін. Бұл бәсеке біздің уақытпен 17:15-те басталады. Ойын Грозный қаласының «Ахмат-Арена» спорт кешенінде өтпек.
Ресей премьер-лигасының он төрт турынан кейін грозныйлық команда 9 ұпаймен 15-сатыға табан тіреген. Ал «Пари НН» он екінші орында.
Айта кетейік, Максим Самородов осы жазда «Ахматқа» «Ақтөбеден» ауысып барған болатын. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Грозныйлық клуб сапында содан бері барлық турнирлердегі 10 ойынға қатысып, 1 гол және екі ассист берген.
Біздің серіктес: FONBET