Самородов үшін маусымдағы ең маңызды ойын. Бүгін «Спартакқа» гол салса, топ-клубқа кетуі мүмкін бе?

30.03.2025, 11:20

Бүгін Максим Самородов пен «Ахмат» үшін аса маңызды матчтың бірі - Грозныйға биылғы РПЛ-дің көшбасшының бірі «Спартак» келеді.

Самородов үшін маусымдағы ең маңызды ойын. Бүгін «Спартакқа» гол салса, топ-клубқа кетуі мүмкін бе?
Максим Самородов

Ресей премьер-лигасының 22-турындағы бұл ойын әсіресе, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үшін принципиалды сипатқа ие - Самородовқа қызығып отырған топ-клубтар арасында «Спартак» та бар. Осыған дейін тараған ақпаратқа сай, «Ахматтың» көшбасшысын өз қатарынан мәскеулік мықты командалар мен «Краснодар» көруге ниетті делінген. Енді Самородовтың бұл кездесуді мотивацияға толы бастауына толық негіз бар. 

Қуантатыны, Максим Грозныйға ұлттық команда сапынан ешқандай жарақатсыз, дін-аман оралды. Лихтенштейнмен ойындағы (гол пас) сәттілігін клубына ала  келді деп сенеміз. Жалпы, ұлттық құраманың көшбасшысының көктемдегі ойыны сұрапыл! «Ахматтың» қысқы үзілістен кейінгі негізгі ойыншысына айналған («Локомотивпен» матчын көріңіздер). 

«Ахмат» - «Спартак» ойыны біздің уақытпен 19:30-да басталады. 

Максим Самородов РПЛ-24/25 маусымында 15 матчта 3 рет мергендік танытып, 2 голдық пас шығарды. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 5 ойындағы 2 добы бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×