Самородовқа Ресейлік топ клубтар қызығуда – Отандасымыз жаңа деңгейге дайын ба?

Бүгін, 09:25

Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың “Ахмат” клубының шабуылшысы Максим Самородов жазғы трансферлік терезеде командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Самородовқа Ресейлік топ клубтар қызығуда – Отандасымыз жаңа деңгейге дайын ба?

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, отандасымызға РПЛ-дың алпауыт клубтары тарапынан қызығушылық артып келеді.

Ресейлік football24.ru порталының сарапшылары Максимді бүгінгі таңда лигадағы ең сұранысқа ие ойыншылардың бірі деп бағалауда. Мақала авторларының айтуынша, Самородовтың көрсеткіштері тіпті Санкт-Петербургтің “Зенит” клубындағы қымбат легионерлерден асып түседі.

“Жазғы трансфер кезеңінде Максимге топ клубтардың таласы қыза түспек. “Ахматтың” есігін бірінші болып “Зениттің” қағуы әбден мүмкін. Самородов Бразилиялық Луийз Энрикеден 12 есе арзан болса да, алаңдағы пайдасы әлдеқайда жоғары." – деп жазды басылым.

Қазақстандық шабуылшы биылғы маусымда командаластарына 6 голдық мүмкіндік жасап берген. Салыстырмалы түрде айтсақ, “Зениттің” миллиондаған еуро тұратын Бразилиялық жұлдызы Энрикенің еншісінде мұндай небәрі 3 көрсеткіш қана бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×