Қазақстандық футбол ардагері Болат Есмағамбетов биылғы маусымдағы “Тобылдың” сәтсіздіктеріне қатысты ащы шындықты айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қостанайлық ұжымның биылғы көрсеткіші жанкүйерлер мен сарапшыларды қатты ренжітіп отыр.
“Нұрбол Жұмасқалиевтің бас бапкер қызметінен кеткені өте өкінішті. Ол — білікті әрі болашағы зор отандық маман еді. Оның кетуі команданың ішкі тепе-теңдігін бұзады.” — дейді Есмағамбетов Sports.kz басылымына берген сұхбатында
“Тобылдың” биылғы құрамы өткен маусымдармен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз көрінеді. Сарапшы команданың шабуыл шебіндегі мәселелерді ерекше атап өтті.
"Маусымаралық үзілісте Қостанайлықтар өздерінің ең үздік шабуылшыларымен қоштасты. Кеткен ойыншылардың орнына келген легионерлердің деңгейі күмән тудырады. Тек шабуылда ғана емес, команданың барлық шебіндегі байланыс үзілген."
Болат Есмағамбетовтың айтуынша, “Тобылдың" ішкі құрылымында үлкен ақау пайда болған.
“Команда механизмінде бір нәрсе сынып қалғандай. Соның салдарынан клуб турнир кестесінің ең төменгі сатысына сырғып кетті. Бұл — Қостанай футболы үшін үлкен соққы." — деп түйіндеді маман.