Transfermarkt Ресей Премьер лигасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңа бағалауда Қазақстандық ойыншылардың арасында ең үлкен өсім Максим Самородовта тіркелді.
Қазіргі маусымда РПЛ-де Қазақстанның бес футболшысы ойнап жүр. Олар – «Ахмат» сапындағы Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек, Мәскеудің «Динамосында» өнер көрсететін Бахтиер Зайнутдинов, «Крылья Советов» ойыншысы Ислам Чесноков және «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп.
Олардың ішінде нарықтық құны ең көп өскен футболшы – Максим Самородов. «Ахмат» шабуылшысының бағасы бірден 1 миллион еуроға артып, 4 миллион еуроға жетті. (
Ал Бахтиер Зайнутдиновтың нарықтық құны керісінше төмендеді. 28 жастағы футболшының бағасы 500 мың еуроға кеміп, 2 миллион еуроны құрады.
Қазақстандық қалған үш футболшының – Ғалымжан Кенжебек, Ислам Чесноков және Нұралы Әліптің нарықтық құнында өзгеріс болған жоқ.
Осылайша, жаңартылған бағалау бойынша РПЛ-дегі Қазақстандық футболшылардың арасында нарықтық құны ең жоғары ойыншы атағын Максим Самородов сақтап отыр.