Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті болғысы келеді

18.11.2021, 17:38
Сайлау 11 желтоқсанда өтеді деп күтілуде.
Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті болғысы келеді

17 қараша күні «Барселона», «Реал Мадрид», «Челси», «Интер» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Самуэль Это'О Камерун футбол федерациясының президенті қызметіне үміткер ретінде тіркелді.

«Бүгін мен алдағы сайлауға қатысатынымды ресми түрде жарияладым. Мен мұны мақтан тұтамын және мен федерацияны реформалауға көмектесіп, сүйікті спортымызды келесі деңгейге көтере аламын деп үміттенемін», - деп жазды 40 жастағы камерундық футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Сайлау 11 желтоқсанда өтеді деп күтілуде, ал 9 қаңтарда Камерунда Африка ұлттар кубогі басталады.

Еске салайық, Это'О төрт рет Африкада жылдың үздік футболшысы атанған. Ол сондай-ақ Камерун құрамасы үшін 118 ойында 56 гол соғып, тарихқа өз елінің үздік сұрмергені ретінде енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×