Испанияның қос клубы Аргентина чемпионатының үздік сұрмергеніне көз тігіп отыр

18.11.2021, 21:11
Шабуылшы 16 матчта 15 гол соғып, 5 ассист жасады.
Испанияның қос клубы Аргентина чемпионатының үздік сұрмергеніне көз тігіп отыр

«Ривер Плейт» шабуылшысы Хулиан Альвареске «Реал Мадрид» қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің хабарлауынша, мадридтік клуб егер шабуылшы осылай ойнауын жалғастыратын болса, оны сатып алуы мүмкін. Альвареске «Атлетико» клубы да көз тігіп отыр.

21 жастағы ойыншы биылғы маусымда «Ривер Плейт» сапында 16 ойынға қатысып, 15 гол соқты 5 нәтижелі пас берді. Ол Аргентина чемпионатының үздік сұрмергені болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×