«Сантос» финалда, кезек «Барсада»

15.12.2011, 04:12
«Сантос» финалда, кезек «Барсада»

Бразилияның «Сантосы» күншығыс елінде өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалында Жапонияның «Касива Рейсол» командасын жеңіп ақтық сынға шықты.

Либертадорес кубогының иегері қарсыластарынан 3:1 есебімен айқын жеңді. Бразилиялықтар сапында көзге түскендер Неймар (19 минутта), Боржес (24), және Данило (63). «Касива» кұрамындағы жалғыз голдың авторы Хироки Сакаи (54).

80 минутта «Сантос» құрамында мәскеулік «Спартактың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ибсон шықты. Ол бір голды өз атына жазатын керемет мүмкіндігі мүлт жіберіп алды, соққысы қақпа маңдайшасына кез болды. «Сантос» «Барселона» мен катарлық «Аль-Садд» ойынының жеңімпазымен 18 желтоқсан күні Йокогама стадионында кездеседі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Минималды максимум
Серіктес жаңалықтары
×