Бразилияның "Сантос" футбол клубы Неймардың келісімшартына байланысты клубтың 2025 жылға арналған жалпы бюджетінің 25%-ын жұмсап отыр. Бұл ақпаратты UOL Esporte порталы хабарлады.
Неймардың жалақысы мен имидждік құқықтары үшін ай сайынғы төлемдер 21 миллион реалды (шамамен 4 миллион доллар) құрайды.
Бес айлық кезеңде (2025 жылдың қаңтарынан маусымына дейін) "Сантос” Неймарға кемінде 105 миллион реал (шамамен 20 миллион доллар) төлеуді жоспарлап отыр.
Неймардың әкесінің компаниясы жаңа демеушілік келісімдерден түскен табыстың 75%-ын алады, ал қалған 25% клубқа тиесілі болады. Сондай-ақ, бұрынғы демеушілермен келісімдерден түскен қосымша табыстың 75%-ы Неймар жағына өтеді.
Неймарға Vila Belmiro стадионында үш VIP орын, жеке ұшақтармен сапарлар және бес жұлдызды қонақүйлерде тұру мүмкіндігі беріледі.
"Сантос” клубы бұл келісімді қаржылық тұрғыдан тиімді деп санайды. Неймардың оралуы клубтың маркетингтік мүмкіндіктерін арттырып, жаңа демеушілер мен табыс көздерін тартуға септігін тигізуде.