САУАЛХАНА. Нөмір таңдауды шығарған — Йохан Круифф

02.11.2011, 09:41
САУАЛХАНА. Нөмір таңдауды шығарған — Йохан Круифф

Футболшылар жейдесіндегі нөмірдің де ойыншының тез танылуына көмектесетін ерекшелігі бар. Мәселен, қақпашы Витор Байя дегенде бірден оның 99-нөмірде ойнағаны есіме түседі. Жалпы, футболшылар алаңға шығатын нөмірін қалай таңдайды?

Серік Қайырханов, Жаңақорған Алғашында футболшылардың тұрақты нөмірі болған жоқ. Алаңға шығатын 11 ойыншы 1 мен 11 ара­сындағы сандарды таңдап, бөліп алуға тиіс болатын. Оның өзінде алаңдағы әрбір шеп пен қаптал нө­мір­леніп тасталған. Мысалы, қақпаға тұрсаң, бірінші нөмірді аласың, шабуыл өтінде ойнасаң – он бірінші нөмір. Ал қосалқы құрам­дағы фут­бол­шы­лардың 12-ден басталатын нөмір­лерді таңдауы тиіс-тін. Бұл үр­дісті бұзған – гол­ландиялық Йохан Круифф. Ол 14-нө­мір­лі жейдені киіп, футболшылық ғұмы­рының соңы­на дейін осы нөмірге «адал» болды. Фут­бол­шы­лар жей­десіне нөмірді көп жағдайда өздері таңдайды. Әсі­ресе 7-інші және 10-нөмірлі жейделер кез келген клубта тек мық­ты ойыншыға ғана бұйырады. Ойыншылар өз­де­­рінің сүйікті сандарын, ата-әжесі немесе әке-ше­ше­­сінің туған күндерін де жейдесіне жазып қоюы мүм­кін. Көп жағдайда 12-нөмірді командалар жан­күйер­ле­рі­­не сыйлайды. Өйткені алаңдағы 12-ойыншы — жан­күйер деген ұғым бар. Қа­зір­гі футболда әйгілі ойын­шылар­дың нөмірін еш­кімге бермей, сақ­тап қоятын да үрдіс бар. Ал «Ман­честер Сити» ко­ман­дасы 2003 жылы Конфедерация кубогында жүре­гі ұстап, қаза болған каме­рундық ойыншы Марк Вивьен Фоенің жейде­сін­дегі 23 нөмірді клуб ойыншыларына мүлде бермейді. аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×