Испандық «Малага» футбол клубының қақпашысы Вильфредо Кабальеро өзі тұрған қақпаның бағанасына қолын соғып, саусағын сындырып алды. Өміріндегі өкінішті жағдайды ол қалай бағалағанын білмедік, ал әріптестері аһ ұрып қалды. Бұл оқиға 25 наурыз күні ел чемпионаты үшін «Эспаньолом» командасымен кездесу кезінде болған. Кабальеро қақпаға бағытталған допты қолмен қайтармаққа бекінген. Амал қанша, осы жолы сәтсіз болды.
Кабальероның қолынан жарақат алғандығы туралы 26 наурызда анықталыпты. Медициналық тексеру барысында саусақтың сынғаны расталған. Алайда оның демалысы қанша уақытқа созылатындығы белгісіз.