Сейдахмет «Зенит» сапында алғашқы кездесуін өткізді

16.02.2017, 21:07
Сейдахмет «Зенит» сапында алғашқы кездесуін өткізді
«Зенит» клубының екінші құрамында байқауда жүрген жамбыл футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет петерборлық команда сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар. Еркебұлан Сейдахмет «Зенит U-21» — «Локомотив U-21» жолдастық кездесуінде негізгі құрамда шығып, 45 минут ойнады. Отандасымыз бұл ойында сәтті өнер көрсетті. Жолдастық кездесуде жерлесіміз пенальти әкеліп, командасының 1:0 есебімен жеңіске жетуіне өз септігін тигізді. Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет Гранаткин мемориалының үздік шабуылшысы атанған. Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сол турнирде тарихи екінші орынға қол жеткізді. Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×