Сейілдә Байшақов: «Футболды сапалы жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін»

05.12.2016, 00:29
Сейілдә Байшақов: «Футболды сапалы жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін»
Федерацияның жаңадан сайланған президенті Сейілдә Байшақов ҚФФ конференциясына қатысушыларға өзіне көрсетілген зор сенім мен қолдау үшін алғыс айтты. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды. «Сіздердің сенімдеріңіз бен жоғары бағаларыңызды шын жүректен бағалаймын. Өз тарапымнен, елімізде футболдың жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», – деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.
Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×