«Сен ұрмасаң, мен ұрамын». Футболшылардың да жүйкесі сыр береді    

02.02.2015, 22:44
«Сен ұрмасаң, мен ұрамын». Футболшылардың да жүйкесі сыр береді    
Футбол – ешқандай қауіпті жарақаттар мен төбелестерді қажет етпейтін спорт. Бірақ футболшылардың өздері кейде жолдан тайып, дөрекі ойнап, тіпті, бокс, каратэ тәселдерін де ойынға араластырып жататын кездер болады. Мысалы, түнде өткен кейбір футбол матчтарындағы дөрекілік осыған дәлел. Таиландта өтіп жатқан Патшалық Кубогындағы Оңтүстік Кореяға қарсы матчта Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы футболдан көрі төбелеске жақын спорт түріне жақсы дайындалғандай көрінді. Матч кәрістердің жеңісімен аяқталғанымен, өзбек көршілеріміз де құр қол кетпеді. Қарсыластарын біраз сабап кетті. Ал Франция чемпионатында көш басындағы «Лион» мен «Монако» кездескен болатын. Сәтсіз аяқталған шабуылдан соң «Лион» қорғаушысы Самюэль Юмтити монаколық Уоллес ойын тәртібін бұзды дегендей өтірік құлап, ауыр қиналып жатқан болатын. Бұған ашуланған Уоллес қарсыласының өтірік қайғысын шынайы азапқа айналдырып жіберді.   Есет Төлеш  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×